Accessibility links

Түрік баласы емделу үшін Израильге барды


Қатерлі ісік дертіне шалдыққан 13 жастағы ұл бала емделу үшін Ираннан Израильге жеткізілді.
Жасөспірім бала жұма күні Израильдің маңдайалды емханасының бірі болып табылатын Тель-Авив түбіндегі Chaim Sheba медицина орталығына жатқызылды. Орталықтың директоры Зеев Ротштейн хабарлағандай, миынан қатерлі ісік табылған бала ата-анасымен бірге Түркиядан келіп, Иранда химиятерапия және радиотерапия емін алған соң, Израильге жеткізілді.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бала мен ата-анасы Израиль визасын Түркиядағы Израиль елшілігінен алған.
Иран мен Израиль бір-бірін жау деп санайды, олардың дипломатиялық байланысы жоқ.
XS
SM
MD
LG