Accessibility links

Шығынға батқан шаруаларға сақтандыру компаниялары көмектесуде


Солтүстік Қазақстан облысындағы астық жинау науқаны, қазан. 2008 жыл
Солтүстік Қазақстан облысындағы астық жинау науқаны, қазан. 2008 жыл

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 113 шаруашылықтың егіні шықпай қалды. Осы күнге дейін облыста астықтың 95 пайызы бастырылды. Шаруалардың бірі кірісті есептесе, енді бірі шығынын анықтауда.

Диқандардың көпшілігі қуаңшылықтан зардап шекті. Егінін жауын шайып кеткендер де бар.
Александр Борисов орақ науқанын аяқтауға жақын. Алған өнімі –жоспарлағанынан үш есе кем. Оның да егіндік алқаптарының 300-ден астам гектары жауынға ұрылды.
Кәсіпкер Александр Борисов:
«Сақтандыру компаниясына ренішім жоқ, екі апта жұмыс істеп, бір миллион теңге өтемақы төледі» дейді.

Қазір облыста бес сақтандыру компаниясы жұмыс істейді. Олардың кейбіреулері өздеріне шаруашылықтарды көбірек тарту үшін ең төменгі тарифтер белгілеген еді. Енді миллиондап өтемақы төлеуге мәжбүр болып отыр. Болжам бойынша, өтемақы қуаңшылыққа ұшыраған 55 мың гектарға жуық егіс алқабына төленеді. Диқандардан құжаттар әлі түсіп жатыр.

Сақтандыру компаниясының заңгері Әйгерім Сасықова:
«Құрылғанымызға бір жыл болды. Былтыр бір де бір сақтандыру жағдайы болған жоқ. Ал биыл бірден 32 арыз түсті. Егіні тұтас шықпай қалған 14 шаруашылыққа төлем жасадық. Қалғаны егін орағы аяқталысымен белгілі болады" дейді.
«Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы» Заңға сәйкес өтемақы мөлшерінің жартысын мемлекет төлейді,- деген
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының өкілі Рамазан Сандыбаев:
«Бір ай көлемінде комиссия құрамында жұмыс істедік. 113 шаруашылықта сақтандыру жағдайын анықтап отырмыз. 24 мың гектар егіндік алқабы толық жарамсыз болып шықты» дейді.

Комиссия бас-аяғы 55 мың гектар алқаптың жарамсыздығын анықтады.
Егіні мүлдем шықпай қалған шаруашылықтарға өтемақылар беріле бастады. Ал алқабынан жарым-жартылай ғана өнім алып жатқан диқандар орақтың соңын күтеді. Сол кезде өнімділігіне қарай өтемақы мөлшері анықталмақ. Егер өсіріп-баптауға кеткен қаражат ақталмаса, жанар-жағармайға, еңбекақыға және тұқымдық бидайға жұмсалған ақыны сақтандыру компаниялары қайтарады. Ал алған өнімі шыққан шығынынан асып кетсе, ешқандай өтемақы төленбейді.

XS
SM
MD
LG