Бүгін Мәжілісте «Әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары» тақырыбында үкімет сағаты өтеді, — деп хабарлады парламент мәжілісінің баспасөз қызметі. Үкімет сағатында ҚР Әділет министрі Зағипа Балиева өзі жетекшілік ететін саланың бағыттары мен мақсаттары жөнінде баяндама жасайды және осы осы мәселелер бойынша депутаттардың сұрақтарына жауап береді.