Accessibility links

ЕуроОдақ басқосуының екінші күні


Еуропа Одағының басшылары ғаламдық қаржы дағдарысына арналған екі күндік келіссөздерін бүгін аяқтайды. Сәрсенбіде ЕуроОдақ жетекшілері әлемдік қаржы жүйесін мұқият зерттеуге шақырды. Ал Сегіздік тобы ғаламдық қаржы дағдарысына бағытталған саммитін “таяу арада” өткізетіндерін хабарлады. Бұл топқа өнеркәсібі дамыған елдер - АҚШ, Британия, Франция, Италия, Германия, Канада, Жапония және Ресей - мүше болып табылады. Франция президенті Николя Саркозидің мәлімдеуінше, ЕуроОдаққа мүше 27 мемлекеттің бәрі тығырыққа тірелген банктерді құтқару шараларын қолдап отыр.
XS
SM
MD
LG