Үкімет үйінде К.Мәсімов қаржы жүйесінің мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл кеңеске үкімет мүшелері, Ұлттық банктің, Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің, Қазақстан Қаржы қауымдастығының, «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының және екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты, — деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Кеңеске қатысушылар экономиканы тұрақтандыру, банктердің төлем қабілеттілігін арттыру және капиталдандыру мәселелері туралы мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру жөнінде ұсыныс білдіріп, пікір алмасты.