Йемен араб еліндегі су тасқынынан 40-тан астам адам қаза тапты. Хабарға қарағанда, бірнеше адам найзағай түсіп, мерт болды.
Полиция қаза тапқандардың саны өсе түсуі мүмкін деп алаңдайды. Талай адам хабарсыз жоғалған болса, жүздеген отбасы баспанасыз қалды.
Су тасқынына – Йеменнің қиырдағы оңтүстік-шығыс ауданына тропикалық теңіз толқынының соғуы себеп болды.