Өзбекстан қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Рустам Иноятовтың Германяға сапарға баруына рұхсат етілуін сынаған Human Rights Watch ұйымының өкілі Азаттық радиосына берген сұхбатында Иноятов 2005 жылы мамыр айындағы Әндіжан толқуларын күшпен басуға тікелей қатысқан деп атап көрсетеді. Әндіжандағы бебіт шеруге шыққан халыққа қарсы үкімет күштері қару қолданғанда, жүздеген адам қаза тапты делінеді.
Өзбекстан үкіметінің 7 шенеунігімен бірге Иноятовқа да осы жылдың қазан айының 13-не дейін ЕуроОдақ территориясына кіруге шектеу қойылып келген болатын.
Виза тыйымы Әндіжан оқиғасына халықаралық тергеу-зерттеу жүргізбекші топқа Ташкент рұхсат етпей қойғаннан кейін енгізілген еді.
Дегенмен Германия үкіметі Иноятовтың сапары жайында әзірге ешнәрсе білмейміз дейді.