Бүгін америкалықтар президент ретінде Барак Обама мен Джон МакКейннің бірін таңдамақшы. Президенттік сайлауда жеңіске жету үшін үміткер АҚШ Сайлау алқасының 538 мүшесінің кем дегенде 270-інің қолдауына ие болуы шарт. Сондай-ақ сайлаушылар Өкілдер палатасының барлық 435 мүшесін және Сенатқа мүше болатын 35 үміткерді таңдауы тиіс.