Сейсенбідегі сайлауда ол қарсыласы, республикашыл Джон МакКейннен басым түсті. Сайлау алқасы мүшелерінің 349 мүшесі- Обаманы, 162-сі МакКейнді қолдап шықты. Туған қаласы Чикагода болған жеңісті тойлау жиынында Обама сөз сөйледі. “Американы өзгерістер күтіп тұр”,- деді ол.