Accessibility links

Жамбыл облысында жалған ақша өткізген күдікті ұсталды


Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 10 мың теңгелік жалған ақша өткізген күдікті ұсталды.
«Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы жанармай бекетінің жұмысшылары полицияға «Ауди-100» көлігімен келген тұтынушының жалған ақшамен есептесіп кеткендігі туралы шағым түсірген. Тексеру кезінде екі 10 мың теңгелік ақшаның жалған екені расталды», — делінген хабарламада.

Үш күн ішінде күдікті ұсталды, енді сарапшылар тексерудің нәтижесін анықтағанша, ол ешқайда кете алмайды. Тергеу жүргізілуде. Егер күдіктінің қылмысты екені анықталса, онда ол ҚР қылмыстық кодексінің 206-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылады.

XS
SM
MD
LG