ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы қалалық ІІД-не Жетісу-1 ықшамауданында орналасқан Қазақ қатынас жолдары университетінің (КУПС) ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген күдікті ақпарат түскен.
Бұған дейін де, нақтырақ айтқанда, осы жылдың 16-18 қыркүйек күндері аталған университетте жарылғыш зат бар деген хабарлама түскен. Бұл жолы да университет ғимаратынан 750 адам сыртқа шығарылып, жан-жақты тексеру жасалғанымен, ешқандай күдікті зат табылған жоқ.