Кения астанасы Найробиде өтіп жатқан Африка басшылары саммитінде Конгоның шығысындағы қақтығыстар талқылануда. Ол басқосуға БҰҰ бас хатшысы Пан Ки Мун қатысып отыр. Жанжалды дипломатиялық жолмен шешуге көмектесу мақсатында Еуропа мен АҚШ-тың жоғарғы дәрежелі ресмилері аймаққа көптеп келуде.