БҰҰ жанындағы Адам хұқықтары бойынша ұйым басшысы Нави Пиллей бұл жөнінде мәлімдеді. Ол таяуда осы елде кем дегенде 5 адамға шығарылған өлім жазасының орындалғанына өкініш білдірді. Елде полиция мен сот жүйесінің жолға қойылмауы әділетсіздіктерге алып баруда екендігін айтты. Пиллей ханым елде өлім жазасына мораторий жариялауға президент Хамид Қарзайды шақырды.