АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Вашингтон Шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастыру жоспарынан бас тартпайды және Ресейдің қысымына берілмейді деп мәлімдеді. Бұл туралы Роберт Гейтс бейсенбі күні Эстония астанасы Таллинде сөйлеген сөзінде айтты. Өткен аптада Ресей президенті Дмитрий Медведев АҚШ-тың жоспарына жауап ретінде Мәскеу Калининград облысында “Искандер” зымырандарын орналастырмақшы деп мәлімдеген болатын.