Жұма күнгі бұл басқосудың мақсаты-әлем экономикасын тығырықтан шығару жолдарын ақылдасу болатын. АҚШ президенті Джордж Буш “әлемдік қаржылық жүйе реформалауды қажет етеді”,- деді. Буш мырза қазіргі қаржы дағдарысы еркін базардың кемшілігі емес дей келіп, ырықтандыру саясатын қолданбауға шақырды. ЕуроОдақ пен Ресей болса қаржы базарына бақылауды күшейтуді қолдауда.