Ауғанстанда белгісіз бір адамдар қолдан жасалған гранаталарды той болып жатқан жерге лақтырып, 8 адамды өлтірді. Бұл шабуылдан сондай-ақ 60-тан астам адам жарақат алды. Ауған ресмилерінің айтуынша, бұл оқиға жұмада Паруан өлкесінде орын алған. Қаза болғандардың арасында балалар да бар деп хабарланып отыр. Президент Хамид Қарзай бұл шабуылды айыптады.