Бүгін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы “Орта Азиядағы ядролық қарусыз аймақ туралы Келісімді бекіту туралы” заң жобасын мақұлдады. Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің қорытындысында айтылғандай, Келісімнің мақсаты – Орта Азияда ядролық қарусыз аймақ құру болып табылады. Бұл – ядролық қаруды таратпау ісіндегі маңызды қадам және ядролық энергияны бейбіт мақсатқа пайдалану жолындағы ынтымақтастықты дамытьуға мүмкіндік береді.