Нью-Дели аталған талапты Мумбай оқиғасынан кейін жасап отыр. Ол лаңкестік әрекеттер кезінде 170-тен аса адам қаза болған-ды. Үндістан ішкі істер министрінің айтуынша, осы оқиғаға қатысты деп күдіктелгендер тізімі Пәкістан тарапына дүйсенбіде тапсырылған екен. Ресми Исламабад бұл оқиғаға қатысымыз жоқ деп отыр.