Accessibility links

Тайланд көтерілісі сәрсенбіден бастап тоқтайды


Бұл жөнінде шерушілер бүгін мәлімдеді. Ел соты билік партиясын сондай-ақ үкімет құрамындағы оның екі әріптес партиясын да биліктен аластатқан болатын. Себебі Конституциялық сот 2007 жылдың желтоқсанында болған сайлау кезінде заңсыздықтар орын алған деп дәлелдеп отыр. Партия басшылары мен үкімет басшысы Сомчай Вонгсават саясатпен айналысудан бес жылға сот шешімімен шеттетілді. Бангкокта үкіметке қарсы шерушілер халықаралық басты әуе жай мен ішкі әуе жай қатынастарын өткен аптада тоқтатқызған болатын. Жиырмадай шеруші сенбі күні үкімет басшысы ғимаратында болған жарылыстан жараланған екен. Сот шешімі осыдан кейін жасалған болатын.
XS
SM
MD
LG