ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Балқаш қаласындағы Саяқ теміржол станциясына жақын жерде кен тиелген 14 вагоны бар тепловоз рельстен шығып кеткен.
ТЖМ ақпаратынша, «Қазақмыс» корпорациясы кенішінің аумағындаы орын алған төтенше оқиғадан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ, сондай-ақ вагондардың рельстен шығып кетуі басқа пойыздардың қозғалысына залалын тигізбепті.