Accessibility links

Райс: Пәкістан Үндістанмен ынтымақтасуы тиіс


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Пәкістанды өткен аптадағы Мумбайдағы шабуылдарға қатысты тергеу ісінде Үндістанмен тез арада ынтымақтасуға шақырды. Бұл туралы Кондолиза Райс Үндістан астанасында сөйлеген сөзінде айтты. АҚШ мемлекеттік хатшысы Пәкістан мен Үндістан арасындағы теке-тіресті жеңілдету мақсатында Нью Делиге барды. Ал бұл екі арада, АҚШ қолбасшылары штабының бірлескен комитетінің төрағасы адмирал Майк Муллен Пәкістан ресмилерімен аймақтық мәселелерді талқылау үшін Исламабадқа ұшып барды.
XS
SM
MD
LG