Accessibility links

Қазақ президенті орыс Патриархының қайтыс болуына көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орыстың православие шіркеуінің Қасиетті синодына Патриарх ІІ-Алексийдің қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан жеделхат жолдады.
“Мәскеудің және бүкіл Ресейдің ардақты Патриархы ІІ-Алексийдің марқұм болғанын асқан қайғымен, өкінішпен естідім”, -делінеді Қазақстан президентінің жеделхатында.
Н.Назарбаевтың атап көрсетуінше, “Орыстың православие шіркеуінің абырой-беделін нығайтуға, қоғамның рухани саладағы қайта жандануына ІІ-Алексийдің қосқан зор үлесін асыра бағалау мүмкін емес”.
Жеделхатта әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің сиездерін Астанада өткізуге нақ марқұм Патриарх ІІ-Алексийдің бата бергені айтылады.
Президент Н.Назарбаев бүкіл Қазақстан халқының және өзінің атынан Патриархтың туыстары мен жақындарына, қайғыға батқан бүкіл Ресей халқына және дін қызметкерлеріне көңіл айтады.
XS
SM
MD
LG