Accessibility links

Ресми Бейжің француз президентінің ісіне наразы


Қытайдағы мемлекеттік баспасөз құралдары француз президенті Николя Саркозиді Далай-ламамен кездескені үшін ащы сынға алды.
Қазір Еуропа Одағына төрағалық ететін Францияның президенті Саркози Тибеттің рухани серкесімен сенбі күні Польшада жүздесті.
Қытайдың ресми “Синьхуа” агенттігі Саркозидің әрекетін қытайлықтардың намысына тиетін және француз-қытай қатынасына балта шабатын “абайсыз қадам” деп бағалады.
1 желтоқсанға белгіленген Қытай-ЕуроОдақ саммиті ресми Бейжіңмен ынтасымен кейінге ысырылды. Қытай Тибетті өзінің құрамдас бөлігі деп есептеп, Далай-ламаны сепаратист деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG