ЕуроОдақ үйде қазіргі кезде қолданыстағы электр жарығын 2012 жылға қарай әлсіздеуімен алмастырмақшы. Мұның өзі одақтың энергияны үнемдеу жоспары мен әлемдік жылымықтану үдерісін ауыздықтауға ұмтылыстарының бір көрінісі ғана. Әлсіз жарықты пайдалану сияқты бір ғана шара арқылы ЕуроОдақ жылына 12 миллиард еуро үнемдейді екен. Бұл ұсыныс заңдық күшіне ену үшін оны Еуро парламент пен одаққа мүше елдер қолдауы тиіс.