Еуропа Одағы жетекшілері бейсенбі күні Брюсселде бас қосуда. Бұл олардың 2008 жылдағы соңғы саммиті. Күн тәртібінде ғаламдық жылыну мен нашарлап бара жатқан экономика мәселесі тұр. Еуропа Комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу егер Еуропа климаттың өзгеруіне байланысты ұстанымын әлсіретсе, “нағыз қателік” жасайды деп мәлімдеді.