Accessibility links

Сайлау туралы заңға енгізілген толықтырулар сынға алынды


Қазақстандағы құқық қорғаушы топтар мен үкіметтік емес ұйымдардың айтуынша, сайлау туралы заң жобаларына енгізілген толықтырулар Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы алдындағы міндеттемелеріне қайшы келеді. Бейсенбі күні Астанада баспасөз маслихатын өткізген адам хұқтары жөніндегі Қазақстан бюросының директоры Евгений Жовтис “сайлау туралы заңда халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың сайлауларды бақылауларына тыйым салынған” деп мәлімдеді. Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді.
XS
SM
MD
LG