«Азат» партиясының төрағасы Болат Әбіловтің айтуынша, әкім осы алаңның астынан салуға жоспарланған сауда – ойын-сауық орталығының орнына енді жер асты автокөлік жолы мен автотұрақ салу туралы ұсыныстар қаралып жатқанын хабарлаған.
Алайда, келгендер атынан сөйлеген Әблов ешқандай тұрақ та, басқа да керек еместігін айтып, бұл алаң қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескендердің қаны төгілген қасиетті алаң ретінде оны бастапқы қалпына келтіру туралы талапты жеткізген.
- Біздің ойымызша, бұл жұмысты бастаған «Базис А» компаниясы мына қазып тастаған орды өз қаржысына қайта жауып, алаңды баяғы қалпына келтіруі тиіс, - деді Б.Әбілов.
Бүгінгі жиналған топ алдағы дүйсенбі, желтоқсанның 22-і күні осы талаппен «Базис А» компаниясының Алматыдағы кеңсесіне бармақшы.