Атыраудың Қарабатан елдімекенінде «Бонатти» компаниясы ұжымының наразылық шарасына қатысқан 5 қызметкер қамауға алынды. Бұл компания «Аджип ККО» мұнай өндіру зауытында құрылыспен айналысады. Желтоқсанның 20-да өткен наразылық шарасына жүздеген қызметкер қатысып, еңбек жағдайын жақсартуды және жалақыны көтеруді талап етті. Полиция ол ереуілге кедергі жасады және жұмысшылар тобымен арада қақтығыс орын алды деп хабарланып отыр.