Бұл жөнінде Түркия үкімет басшысы Режеп Тайып Ердоған Ирақ үкімет басшысы Нури Әл-Маликимен кездесуден кейін айтты. Әл-Малики Түркияға сапарында Түркия президенті Абдулла Гүлмен және үкімет басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Әл-Малики ПКК, яғни күрд жұмысшылар партиясы көтерілісшілеріне қарсы күресте қос елдің біріккен қауіпсіздік комитетін құру жөніндегі ұсынысты қолдайтынын айтты. Ол көтерілісшілер Ирақтың солтүстігіндегі базаларынан Түркияға шабуылдарын бастаған еді.