Accessibility links

2008 жылы Ресей мен ЕуроОдақ Каспийдің мұнай-газына байланысты арманына жете алмады


2008 жылдың басында әлем бойынша мұнай мен газ бағасының өсуі Каспий жағалауы мұнайына деген әлемдік сұранысты өсіре түскен болатын. Шетелдік делегациялар тиімді келісімшарт жасасу үшін аймаққа ағылып жатты. Алайда энергия көздерінің жыл аяғына қарай күрт қымбаттауы жағдайды мүлдем өзгертіп жіберді десе болғандай.

Ресейдің бұрынғы Совет республикаларына деген айрықша ықпалы "Газпромның" жағдайын 2008 жылдың алғашқы жартысында ерекше биікке көтеріп тастағандай болатын.

2007 жылы жаңа құбыр салу жөнінде Қазақстан және Түркменстан елдерімен келісмшарт жасағаннан кейін Ресей ол елдердің газдарын шетке “Еуропа бағасымен” ұсына бастаған еді.

Оған қоса ресми Баку мен Ашхабад "Газпромға" керегінше газ сата алатындарын мәлімдескен болатын. Соның нәтижесінде Кремль ішкі сұраныстарын толық қанағаттандырып, Батысқа сататын мол шикізатқа ие болған-ды.

Алайда жағдай одан әрі Мәскеу жоспарлаған жолмен дамымады. Оның себебі шілде ортасында бір барелі 150 доллар болған мұнай бағасы желтоқсанның ортасында 40 долларға дейін құлдырап кеткен болатын.

Бұдан былай ЛУКойл мен "Газпормның" Каспий аймағына қаржылай инвестиция сала алатындығы сауал астында қалған еді.

Каспий мұнайына көз салушының бірі ЕуроОдақ болатын. Қазірдің өзінде аймақ мұнайы Еуропаға Баку - Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры, ал газы Баку-Тбилиси-Ерзурум газ құбыры арқылы жеткізілуде.

Дей тұрғанмен қосымша шикізат көлеміне қол жеткізу ресми Брюссель үшін маңызды мәселе болып қала береді.

ЕуроОдақ газ импортының 40 пайызында Ресейге тәуелді. Өткен қыстарда Ресей мен Украина, Ресей мен Беларус арасында пайда болған газ тасымалы дауынан кейін ЕуроОдақ газ тасымалының Ресейді айналып өтетін жолдарын белсенді түрде ойластыра бастаған болатын.

Сонымен ресми Брюссель күндердің күнінде Набуко мұнай құбыры жобасы Еуропаға жылына 30 миллиард текше метр газ жеткізетін болар деп үміттенеді. Алайда сол газдың белгілі бір бөлігінің Әзірбайжан, Қазақстан және Түркменстаннан тікелей келуіне Одақ мүдделі.

Өкінішке қарай 2008 жыл ЕуроОдақ үшін де арманы орындалған жыл бола қоймады.

Жыл басында бұл шаруаға басты кедергі болған мәселенің бірі - Каспий маңайы елдерінен Набукоға газ жеткізетін құбырлардың жетімсіздігі еді.

Қосымша кедергі Әзірбайжан мен Түркменстан үкіметтерінің жылдар бойы бір-бірімен қырғи-қабақ қарым-қатынаста болғаны-тын.

Дей тұрғанмен, ЕуроОдақ пен АҚШ-тың пәрменді арағайындығының арқасында бұл қос ел келіссөздер стөліне отырған еді. Содан кейін Набуко сарапшылары аймақтың шикізат көздері мүмкіндіктерін зерттей бастаған болатын.

2008 жылдың тамыз айында Ресей - Грузия қақтығысы болғанннан кейін ЕуроОдақ ресмилері 2009 жылдың басында Каспий даму консорциумын құру жөнінде келісім жасады.

Алайда әлемдік экономикалық дағдарыс кесірінен ЕуроОдақтың Каспий шикізатына байланысты армандарын жүзеге асыру мүмкіндігі қиындай түскендей.

Соның нәтижесі ретінде тіпті жыл соңында да Каспий маңында салынуы тиіс мұнай, газ құбырларының бір бөлігінің де құрылысы басталған жоқ.

Қытай елі де Каспий энергия көздеріне ұмтылуда. Қытай ұлттық мұнай компаниясы түркмен, өзбек үкіметтерімен бірнеше келісімшарттарға қол қойып үлгерді.

Сондай-ақ қазақ мұнайын теміржол арқылы тасымалдау үшін бірнеше жаңа теміржол құрылыстары басталып та кетті.

Қытай компаниялары өзі көздеген елінің инфрақұрылымына инвестиция енгізіп, сол арқылы мұнай мен газды өндіріп алуға тырысуда.

Келер жылдың басында Орта Азияны Қытаймен жалғастыратын қос мұнай құбыры іске қосылатын болады.

Мысалы Қазақстан-Қытай мұнай құбыры 2009 жылдың екінші жартысында жұмысын бастап, ал 2011 жылға қарай толық іске қосылғанда онымен жыл сайын Қытайға 20 миллион тонна қазақ мұнайы жеткізілмекші.
XS
SM
MD
LG