Ауғанстанның оңтүстігіндегі сол шара кезінде қаза болған талибандықтар ішінде НАТО солдаттарына қарсы бағытталған бомба жасаушы жүйенің басшысы да бар көрінеді. АҚШ коалициясының бастауындағы ол шабуыл Қандағар аймағында, бейсенбі күні болған-ды. Сол жерден бірнеше миналар мен гранаталар, бомба жасаушы заттар табылған.