Accessibility links

ГазПром газ экспортының Украинадан басқа жолын іздейді


Ресейден Еуропа елдеріне айдалатын табиғи газдың қысымы үнемі төмендеп келеді. Ресей мен Украина арасындағы “газ дауының” шешімі әзірше табылмай отыр.
Румынияда орыс газының қысымы 33 пайызға төмендеген болса, Мажарстан мен Польшада және Словакияда дәл осындай ахуал қалыптасып отыр.
Еуропа елдеріне айдалатын газ қысымының төмендегені жұма күні байқалды. 1 қаңтарда Ресей Украинаға газ беруін доғарды.
Газ проблемасы бойынша ЕуроОдақтың шұғыл мәжілісі Чехияның төрағалық етуімен дүйсенбі күні Брюссельде өтеді.
Ал осы кезде Би-Би-Сиге берген сұхбатында ресейлік ГазПром компаниясы төрағасының орынбасары Александр Медведев: “бұдан былай ГазПром транзиттік ел ретінде Украинаға тәуелді болып отыра алмайды, газ экспортының балама бағыттарын іздейді”, -деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG