Accessibility links

Пәкістан президенті еліне оралды


Ауғанстан мен Пәкістан президенттері келіссөздерін сәрсенбі күні одан әрі жалғастырды. Сейсенбіде олар екі ел арасындағы шекарада лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресуге уәде етті. Пәкістан президенті Асиф Али Зардари Кабулға алғашқы рет ресми сапармен келіп отыр. Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Курешидің мәлімдеуінше, Ауғанстанмен арадағы ынтымақтастық декларациясы тарихи кезең болып табылады. Бұл құжатқа екі ел президенттері қол қойған болатын. Асиф Али Зардари Исламабадқа оралды.
XS
SM
MD
LG