Мамандар өндіріс дағдарысының артынан еңбек нарығының дағдарысы басталды деп дабыл қағуда. Ал қарапайым жұмысшылар болса, жалақының уақтысында төленбейтініне наразы.
- Мен түрік компаниясының жұмысшысымын. Осында жұмыс істегеніме біраз жыл болды. Жалақым аз. Ал қазір мүлде төмендеп кетті. 3-4 ай болды, жалақысыз жұмыс істеп жатырмыз. Көптеген адам қиналып жүр. Екі қол аман болса, адам қандай жұмыс болса да істейді ғой. Бірақ сол істейтін жұмыс табылмай отыр,-дейді жұмысшы Бәйдібек Асанұлы.
Дегенмен ресми билік орындары елде жұмыссыздық деңгейінің артқанымен келіспейді. Ал Үкіметтің тапсырмасымен құрылған жұмыс тобы республика көлеміндегі ірі кәсіпорындарда өндіріс деңгейінің төмендеуі салдарынан пайда болуы мүмкін жұмыссыздықтың алдын алады дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Арсений Дүйсенов:
- Жұмыс тобының басты мақсаты – Еңбек министрлігінің жасаған мониторингі арқылы жұмыстан босауы мүмкін азаматтар ертең далада қаңғырып қалмасы үшін дер кезінде шара қолдану. Мониторинг дегенде, біз қазір әр мекеменің бүгінгі өндірістік жағдайын бақылап отырмыз. Қандай деңгейде? Жұмыс қарқыны қандай дәрежеде? Соның салдарынан қанша адам босап қалуы мүмкін деген сауалдарға жауап іздеудеміз.
Министрлік өкілінің айтуынша, жұмыс тобы жергілікті халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы қысқаруға ұшыраған азаматқа басқа жұмыс тауып беруге көмектеседі, сондай ақ, өз кезегінде азаматтарды қайта даярлау курстары арқылы керек кәсіптерге де баулитын көрінеді. Ол үшін білім ордаларында арнайы даярлау бөлімдері жасақталуда дейді сұхбаттасымыз.
Сонымен қатар жұмыс таба алмай жүрген азаматтарға заңға сәйкес мемлекет тарапынан арнайы жеңілдіктер де қарастыру - жұмыс тобының міндетіне кіреді дейді Арсений Дүйсенов:
- Мысалы, осы жұмыс тобы жұмыссыз қалған азаматқа мемлекеттен төленетін жәрдемақысын тез арада қолына алуын ұйымдастырады. Көпбалалы отбасы болса, соған әлеуметтік тиісті мемлекеттен төленетін көмектерін тез төлету т.б
Мемлекет тарапынан жұмыссыздықпен күресу мақсатында құрылған жұмыс тобының жоспарымен танысқан мамандар оған күмәнмен қарап отыр. Кәсіпкер Мұрат Төлендиев болса, оның «екі қолға бір күрек» таба алмай жүрген жұмыссыздарға пайдасы бола қоятынына сенбейді.
- Ол енді үлкен зауыт-фабрикаларға қатысты айтылып жатыр ғой деймін. Оларда қазір қысқарту жүріп жатыр. Оларды басқа мамандыққа даярлау мүмкін шығар. Ал бірақ кішігірім мекемелерде ондай мүмкіндік жоқ қой. Онан басқа да көшеде жүрген жұмыссыздар қаншама? Олардың бәрі арнайы мекемелерде жұмыс істеп жүрген жоқ қой?! Қазір ақша жоқ, демек қысқарады.
Кәсіпкер дағдарыстың өзінің шағын бизнесін айналып өтпегенін айтады. Мұндайда өз күндерін әрең көріп отырған жұмысшыларыңды амалсыз қысқартуға тура келеді дейді ол.
Бұрындары 6 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырғам. Енді олардың 4-ін қысқартуға тура келді. Оларға 30-40 мың теңге көлемінде жалақы төлеп отырмын. Былтыр жағдайымыз тәуір еді, биыл халықта ақша жоқ. болғандықтан тауарымыз өтпейді.
Шаруасын жалғастырып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер банктен «тіпті жоғары пайызбен несие алуға да даярмыз» дейді. Мұндайда бизнестік жауапкершілік туралы әңгіме қозғаудың өзі де артық дейді олар.
Ал жаңадан құрылған жұмыс тобына келер болсақ, бюджеттен оған арнайы қаржы қарастырылмапты. Себебі, оған керек барлық тетіктер қолымызда бар деп жауап береді арнайы министрлік. Жұмыс тобының құрамына: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ауыл шаруашылық министрлігі өкілдері сондай ақ, өзге де мемлекеттік органдар тартылады деп отыр.
Қазіргі таңда республикада жұмыссыздар саны жөнінде нақты ақпарат жоқ. ҚР-сының Статистика агенттігінің 2008 жылдың қараша айындағы мәліметіне сәйкес, елдегі жұмыссыздар саны 558.9 мыңға жетіп отыр. Агенттіктің дерегі бойынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға аз.