Accessibility links

Украина арқылы Ресей газының транзиті қайта жалғасады


Жұма күні Газпром компаниясының президенті Алексей Миллер: “егер Ресей газының Украина арқылы өтетін транзитін қадағалайтын халықаралық бақылаушыларды орналастыру туралы келісімге келетін болса, Украина арқылы газ тасымалдауды осы күні-ақ қайта жалғастыруға болады деп мәлімдеді. Оның алдында Украинаның Нафтогаз компаниясы бақылаушылардың құрамында ресейлік Газпром өкілдерінің болуына қарсы еместігін мәлімдеген болатын.
Мәскеу бақылаушыларды орналастыруды Украина арқылы Еуропаға газ тасымалдауды қайта жалғастырудың басты шарты етіп қойған болатын.
Мәскеу мен Киевтің газдың бағасы төңірегіндегі дауы салдарынан жалғыз Украина емес, Еуропаның шамамен 15 мемлекеті газсыз қалды.
Еуропа Одағы газ транзитін бақылау туралы келісімге қол қойылғанын және бақылаушылардың тобы Киевке жұма күні аттанатынын хабарлады.
XS
SM
MD
LG