Accessibility links

Ющенко мен Тимошенко дауы тағы жалғасты


Украина жетекшілігіндегі текетірес қайтадан өршіп кетті. Оған президент Виктор Ющенконың премьер министр Юлия Тимошенконы “Кремлдің одақтасы” деп айтуы түрткі болды. Украина президенті әкімшілігінің басшысы орынбасары Роман Безсмертный Тимошенконы “мемлекеттік мүддені жеке саяси мүддесіне айырбастады” деп айыптады. Ол Киев пен Мәскеудің газ дауында Тимошенконың “аяқ астынан селқостық танытуын” кінәлады. Ресей қаңтардың 1-нен бастап Украинаға газ беруді тоқтатқан.
XS
SM
MD
LG