Accessibility links

Түркмен президенті үкіметте өзгерістер жүргізді


Гурбангулы Бердімұхамедов үкімет мүшелерінің үштен бірін қызметінен кетірді. Ол теледидар арқылы бейсенбінің кешінде сөйлеген сөзінде әлгі ресмилерді “кешіруге болмайтын қателіктер мен жалған есептеулер жүргізді” деп айыптады. Ол содан кейін елдің энергия, байланыс, спорт және туризм министрлерін, сондай-ақ Түркменнефть мемлекеттік мұнай компаниясы және мемлекеттік геология басшыларын қызметінен кетірді. Бұл 2006 жылдың желтоқсанында билікке келгелі бері Бердімұхамедовтың жүргізген алғашқы пәрменді өзгертулері еді.
XS
SM
MD
LG