200 мыңдай оқушы Израилдің Хамасқа шабуылынан кейін алғаш рет мектепке қайта оралады деп күтілуде. Бұл мектеп ғимараттары Израиль шабуылдарынан үйсіз қалғандарға баспана ретінде пайдаланылған еді. Сондай-ақ Газаға қару тасымалының алдын кесу үшін Франция президенті Николя Саркози Газа жағалауындағы халықаралық суларға Францияның қарауыл кемелерін жіберуге бұйрық берді. Осылайша олар Мысыр және Изралмен бірлесе отырып, Палестинадағы қарулыларға қару-жарақ жеткізуге жол бермеу ісіне қатыспақшы. АҚШ президенті Барак Обама телефон әңгімесінде Саудия патшасы Абдулланы осы істі қолдауға шақырды.