Accessibility links

Ауғанстанда сенбідегі шабуылдар табиғатына зерттеу жүргізілуде


Ауған және АҚШ ресмилері Лағман аймағында болған әскери шаралар нәтижесін бірлесіп зерттеуге кірісіп кетті. АҚШ әскерилерінің айтуынша, сенбі күнгі шабуыл кезінде 15 қарулы қаза болды. Алайда, жергілікті ресмилердің сөзіне қарағанда, қаза болғандардың 10-ы қарапайым тұрғындар болған. Ал үшеуі қарулылар деп күдіктелуде. Бұл іске орай бірнеше мыңдаған ауғандықтар президент Хамид Қарзай мен АҚШ-қа қарсы наразылықтарын бүгін білдірді.
XS
SM
MD
LG