Бұл туралы хабарлаған Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен демалыс күндері жол қозғалысының ережелерін өрескел бұзғаны үшін облыстық жол полициясы 957 хаттама толтырған. Айыппұл тұрағына 56 автокөлік қойылған, мас күйінде көлік жүргізген 67 адам ұсталған.