Дүйсенбі күні Брюсселде кездескен ЕуроОдақ сыртқы істер министрлері Гуантанамодағы тұтқындар мәселесін талқылайды. Бұдан бұрын Еуропа Одағы Кубадағы АҚШ-тың бұл абақтысын жабуға шақырған болатын. ЕуроОдақ президент Барак Обаманың Гуантанамо түрмесін бір жыл ішінде жабу жөніндегі жарлығын құптап отыр. ЕуроОдақ ресмилері лаңкестікке қатысы бар деп күдіктелгендер ұсталатын бұл түрмедегі тұтқындарды қабылдау мәселесін талқыламақшы. Гуантанамодағы тұтқындар азат етіліп, елдеріне қайтарылса, қинап-азапталуы мүмкін деген алаңдаушылықтар айтылып отыр.