Алматы қалалық ІІД криминалдық полициясы басқармасының хабарлауынша, Қытай мұнайгаз компаниясының 38 жастағы жетекшісінің мәйітін оның әріптестері Алматыдағы Қабанбай батыр көшесінде ол жалға алған пәтерден тауып алған.
ҚХР азаматы кеудесінен, мойны мен ішінен тиген көптеген пышақ жарақаттарынан қаза тапқан. Көрші бөлмеден үш жеріндегі пышақ жарақаттарымен табылған оның 37 жастағы жұбайы ауруханаға жатқызылды.
Алматы қалалық ІІД басшылығы шетел азаматын өлтіру оқиғасын тексеру үшін ІІД-нің криминалдық полициясы басқармасы мен тергеу басқармасының, сондай-ақ Медеу АІІБ-ның ең тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобын құрды.