Accessibility links

«Самұрық-Қазына» облигациялар шығарып, сатуға дайындалуда


«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Ұлттық қордан бұрын жарияланған 10 млрд доллар соманың 4 млрд доллары көлемінде қаражат тарту үшін облигациялар шығаруға дайындалуда. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында аталмыш қордың басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Ұлттық әл-ауқат қорының директорлары кеңесі 13-қаңтарда облигацияларды шығару шарттарын мақұлдады, бұдан кейін шығарылым жайында хабарлама дайындалып, тиісті құжаттар Қаржылық қадағалау агенттігіне тіркеуге жіберілді. Сөйтіп, қаңтардың аяғына дейін Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімі аясында облигацияларды сатуға дайынбыз», — деді Қ. Келімбетов.

XS
SM
MD
LG