Куба президенті Рауль Кастроның Ресейге сапары басталды. Бүгін ол Мәскеудің сыртында орналасқан президент резиденциясында ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен кездесуде. Қырғиқабақ соғысында жақын одақтастар болған бұл екі ел өзара қарама-қатынастарын нығайтып жатыр. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, Ресей мен Куба әртүрлі саладағы ынтымақтастық жөнінде бірқатар келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр.