Accessibility links

«Общественная позиция» газетінің тілшісі соққыға жығылды


Алматыда ақпанның 5-і күні кешкі сағат тоғыздар шамасында тәуелсіз «Общественная позиция» газетінің тілшісі Бақытжан Нұрпейісовті өз үйінің маңында белгісіз біреулер соққыға жығып кетті, — деп хабарлады Азаттық радиосына газеттің шеф-редакторы Розлана Таукина.

Оның хабарлауынша, қазір маңдай сүйегі мен бет сүйегі сынған, бас сүйегі мен миына қатты зақым келген жағдайы ауыр журналист Қалқамандағы №7 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатыр.

«Біз бұл оқиғаны Нұрпейісовтың кәсіби әрекетімен тікелей байланысты деп есептейміз. Біріншіден, оны соққыға жыққан адамдар журналистке саясат төңірегінде әңгімелер айтқан. Екіншіден, оның журналистік куәлігін, жеке бас құжатын, жұмысқа қажетті заттарын (фотоаппарат, диктофон және жазба дәптері) тартып алған, бірақ ақшасына тиіспеген», — деді Розлана Таукина.

Құқық органдары аталған іске байланысты қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG