Accessibility links

Қазақ-қырғыз оппозициясы бірігуге келісті


Бүгін Алматыда Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және Қырғызстанның «Ата-Мекен» социалистік партиясының басшылары Жармахан Тұяқбай мен Өмірбек Текебаев бірлескен меморандумға қол қойды. Бұл құжатта екі елдің оппозициялық партиялары Орталық Азия аймағында социал-демократиялық идеялар құндылығының салтанат құруы мақсатымен күш біріктіретіндерін мәлімдеп, азаттық пен әділеттілікті ту етіп көтерген қоғамдағы барша күштерді өз қатарларына қосылуға шақырған.
XS
SM
MD
LG