Қарағанды облысы Теміртау қаласының Ақтау ауылындағы «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Карагандацветмет» өндірістік бірлестігінің «Нұрқазған» кен байыту фабрикасында ұсақтап бөлу кешенінің конвейер лентасынан 56 жастағы машинистің өлі денесі табылған. Өлім себептері анықталуда, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.