Accessibility links

ЕҚЫҰ Грузиядағы бақылаушы мандатын ұзартады


Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы өзінің Грузиядағы қарусыз 20 әскерінің мандатын ұзартуға келіскенін айтып отыр. Венада орналасқан ұйымның айтуынша, олар келесі бақылаушыларын маусымның 30-на дейін Грузияның даулы аймағы Оңтүстік Осетияда орналастыру жөнінде шешімге келген. Ұйымға мүше Ресей мен Грузия елдері ол шешімді қолдады. ЕҚЫҰ-ның бұл аймақтағы бақылаушы құзыры алдағы аптада бітуі керек болған. Бірінші бақылаушылар Грузияға өткен жылғы тамыз айындағы қақтығыстан кейін жіберілген болатын.
XS
SM
MD
LG