"Тұтқындалған офицерлер - Қазақстан тыңшылары", "Қылмыстық полицияның қызметкерлері Қазақстанның тыңшысы болған", "Төменгі Австрияның екі полиция офицері шпион ретінде ұсталды" - міне, австриялық жаңа басылымдардың беттерінен осындай жанжалды тақырыптарды көруге болады.
Рахат Әлиевтің ісімен байланысты болуы мүмкін кезекті шпиондық жанжал Альпі елінің Қазақстанмен қарым-қатынасына әжептәуір нұқсан келтіруі ықтимал. Қазақстанның арнайы қызмет орындарының тапсырмасымен жұмыс істеген австриялық алғашқы полицейге осыдан бір ай ғана бұрын үкім шығарылған еді.
Ықпалды деген die Presse газетінде шыққан жариялымға қарағанда, Төменгі Австрия жерінің қылмыстық полициясының екі офицері Қазақстан пайдасына шпиондық жасады деген айыппен өз қызметтерінен шеттетілген. Австрия İшкі істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Рудольф Голлиа ең бірінші рет дүйсенбі күні Вена қалалық Falter газетінде жарық көрген осы ақпаратты растады.
Рудольф Голлианың мәлімдемесіне қарағанда, күдіктелген офицердің бірі басқа іске қатысы болғандықтан, қызметінен бұдан бұрынырақ босатылған. Олардың екеуіне де ресми айып өткен сәрсенбі күні үйлеріне тінту жүргізілгеннен кейін тағылған.
Офицерлердің екеуі де EKIS (Elektronisches Kriminalpolizeiliches Informationssystem) жүйесінен Қазақстан үкіметін қызықтыратын мәліметтерді іздестірумен шұғылданған. Австрия баспасөзі мұндағы әңгіменің Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевке қатысты мәліметтер туралы болып отырғанына күмән келтірмейді.
Kurier басылымы еске салып отырғандай, Қазақстанның сот-әділет жүйесі қазақ президенті Н. Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевті ірі қылмыстық істерге қатысы бар деп айыптайды. Рахат Әлиев болса бұл айыптауларды саяси ойын деп мәлімдейді. Австрия Рахат Әлиевті елде әділетті сот жүйесі жоқ дегенді сылтау етіп, Қазақстанға қайтармай қойған болатын.
Дегенмен де Австрия баспасөзі Рахат Әлиевке тағылып отырған айыптарға қатысты австриялық сот-әділет жүйесі күрделі жағдайға қалып отыр деп атап көрсетеді.
Вена прокуратурасының ресми өкілі Герхард Яроштың хабарлауынша, Қазақстанның бұрынғы елшісі Әлиевтің қайда тұрып жатқандығы туралы қаңтар айының аяғынан бері ешқандай мәлімет жоқ.
Рудольф Голлианың сөзіне қарағанда, бұл Қазақстан пайдасына шпиондық жасалды делінген бірінші оқиға емес. Осы қаңтар айында ғана Қазақстан үшін тыңшылыққа барды деп айыпталған бір полиция қызметкері жазаға тартылған болатын деп хабарлайды ORF сайты.
Азаттық радиосы өзінің халықаралық баспасөз шолуында Австрия полициясының 30 жасар қызметкері қаңтар айында Рахат Әлиевке қатысты құпия мәліметтерді Қазақстанның бір азаматына бергені үшін жазаға тартылғаны туралы жазған болатын. Венаның аймақтық қылмыстық соты К. деген бұл азаматты қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін сегіз айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.