Accessibility links

Олимпиада чемпионы Илья Ильин арқасынан жараланып ауруханаға түсті


14 ақпан күні Алматыда ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Ильин арқасынан жараланып ауруханаға түсті. Қалалық полиция департаментінің баспасөз-қызметін сілтеп көрсеткен “Қазақстан бүгін агенттігінің хабарлауынша, Илья Алматының Ж.Сайын көшесіндегі “Ақниет” кафесінде жараланған.
Ауыр атлеттің өзі жазбаша жауап беруден бас тартып, жарылған шөлмекке арқасымен құлап қалғанын айтқан. Қазір оның денсаулық жағдайы алаңдатпайтын көрінеді.
Алайда спорт саласындағы түрлі қауесетке қарағанда, кафеде төбелес болып, әйгілі ауыр атлетті арқасынан пышақтаған.
XS
SM
MD
LG